Ғаламдық мұнай консалтингі
Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі

Еуропа/Африка дивизионы

ДеГольер энд МакНотон Еуропа / Африка бөлімі Солтүстік теңізде, Еуропа, Жерорта теңізі, Африка және Таяу Шығыстағы жобаларға жауапты.

Компания Солтүстік Теңізде 200ден аса мұнай кен орнындарындағы жұмыс теңіздің қатал климатында жасап келеді, сондай-ақ Таяу Шығыстағы кең ауқымды кен орнындағы еңбек тәжірбиелері бар. Осыған орай Шығыс жарты шардағы мұнай газ кен орындарына эксперттік қызмет түрлерін ұсынады.

Д&М компаниясы Африкада және Таяу Шығыс елдерде бірнеше маңызды сұйытылған табиғи газ зауыт жобалары үшін толыққанды газ сертификаттарын, сондай-ақ өндіріс болжамдарын, су қоймаларын модельдеу модельдерін, газды айналым жобаларын жоспарлауды және жақсартуларды қамтитын жүздеген бағалау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Д&М компаниясы Еуропадағы құрлық кен орындарындағы жекешелендіруге, акцияларды жариялауға, құзыретті тұлғаның есептеріне және жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсету бойынша тәуелсіз бағалаушы болып табылады.
Компанияның көп жылдар бойы қалыптасқан репутациясы, тәжірбиеге бай еңбек жолы, және әрдайым үздіксіз қызмет көрсетуі, қазіргі таңда беделді халықаралық қаржы институттарын, ұлттық мұнай компанияларын және халықаралық мұнай компанияларын тартуын жалғастыруда.

Клиент туралы әңгімелер

  • Алжир

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы 60 жылдан бері Алжирдің кен орындарына бағалаулық-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Алжир ұлттық мұнай компаниясының негізгі кеңесшісі қызметін атқарады.Фирма сондай-ақ Алжирдегі кен орындарына иелік ететін және жұмыс істейтін шетелдік серіктестердің көптігімен жұмыс істеді. Сондай-ақ, Фирма Алжирдегі кен орындарына иелік ететін және жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың көптігімен жұмыс істеп келеді. Фирма, Алжир активтері үшін қорларды бағалау, кешенді зерттеулер, өндірістік болжамдар және перспективті ресурстарды бағалау жұмыстарын дайындады. ДеГольер энд МакНотон компаниясы халықаралық мұнай компаниялары ұсынған даму жоспарларын шолып, сондай-ақ, утилизация туралы жиындарға, қаржы-несиелік келісімдерге қатысып, және де түрлі компанияларға елде жаңадан алынған лицензияларды әзірлеуге көмек көрсетті. Фирма Алжирдегі ірі Хасси Ремел кен орны және басқа да ірі газконденсатты кен орындарын игеру үшін резервуар бойынша кеңесші болып жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, Алжирдің Сахара шөліндегі ірі Хасси Мессауд кен орнының мұнай кеңесшісі болып табылады.
    Компания, әр түрлі уақыт аралығында, Алжирде табылған барлық кен орындарындағы жасалынған арнайы мемлекеттік бағалау жұмыстарына қатысып, өзінің теңдесі жоқ тәжірибесін берді.

  • Ангола

    Анголаның теңіздік мұнай аймағы 1968 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Оған себеп болып Кабинда шығанағындағы өндірістік операциялардың басталуы болып табылады. Компания шығанақта осы уақытқа дейін бағалау жұмыстарын жүргізумен айналысып келеді. Фирма сонымен қатар, Анголия шельфіндегі Альмана аралас карбонатты / кластикалық резервуарларымен және Вермелха, Лаго, Азул, Ликуала және Лукуля формацияларының негізгі шөгінді резервуарларымен таныс. Компания Анголаның терең суларындағы миоцендік ашылымдардың көпшілігімен, соның ішінде Ангола теңіздерінің даму шекарасындағы кейбір терең блоктармен жұмыс жүргізу арқылы үлкен тәжірибе жинақтаған.
    Фирама болашақта Анголадағы барлық теңіздік кен орындары үшін болашақтағы өндіруді өнімділігін, күрделі шығындардын және операциялық шығыстары бойынша болжам жұмыстарын жүргізді. Фирма геофизикалық деректерді, ұңғымаларды, өндіріс тарихын және де ұлттық мұнай компаниясының және соңғы жылдары Анголада жұмыс істейтін басқа да көптеген халықаралық мұнай компанияларының атынан теңіздік кен орындарын игеру жоспарларын қарастырып зерттеу жұргізді.

  • Аустраия

    Көп жылдар бойы, ДеГольер энд МакНотон, Аустриядағы көпетеген кен орындарына бағалау жұмыстарын жүргізіп, Аустриялық операторларға және басқа да компанияларға кеңестік қызметін көрсетіп келеді. Жұмыстардың көп бөлігі Венаның солтүстігіндегі Матзен аймағындағы кен орындарына бағытталған. Бұл резервуарлар ұсақ, көп қабатты болуы мүмкін. Алайда, қабаттары доломиттен тұратын басқа да күрделі резервуарлар кездеседі. Елдегі газ қоймасына көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізген.

  • Бахрейн

    Фирма дәстүрлі емес ресурстарды бағалау жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, сондай-ақ сынақ орындарын іріктеу, сынақ ұңғымаларын жобалау және де қолайлы емес кездегі теңіздік тестілеу бағдарламасының нәтижелерін бағалау үшін техникалық қолдау көрсетті.

  • Біріккен Араб Әмірлігі

    Компания, Біріккен Араб Әмірліктерінде, әсіресе Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Рас-Аль-Хайма әмірлектеріне көптеген кен аймақтары бойынша барлау және бағалау жұмыстарын жүргізген. Фирма кен қорларын бағалап, құзыретті тұлғаның есебін дайындап, даму жоспарларын әзірлеп және елдегі ең ірі кен орындары Арзана, Әбу әл-Бухоош және Мүбәректе, бірнеше операторлар мен мүдделі тұлғалар үшін концессиялық шолулар жасауға көмек көрсетті. Осы онжылдық бойы, сонымен қатар, фирма Абу-Дабидегі бірнеше ірі кен орындарының қорларына, жән көтеген ұсақ кен орындарына жыл сайынғы барлау және бағалау процестерін жүргізді.

  • Біріккен Корольдігі

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Солтүстік теңіз аймағында, соның ішінде Біріккен Корольдікте және көрші терреторияларда шамамен 50 жыл бойы, мұнай қорлары / ресурстары бойынша зерттеулер мен бағалаулар жүргізіп келеді. Алғашқы жылдардан бастап, ДеГольер энд МакНотон компаниясының Ұлыбританиядағы тәжірибесі тез кеңейіп және тереңдеген, ал фирма енді, бүкіл әлемдік клиенттердің Солтүстік теңіздегі басты сарапшысы болып саналады. Фирма ірі компаниялар, сондай-ақ кіші компаниялар үшін, аймақтағы әрбір кен орындарында зерттеулер жүргізіп келеді. Компания қазіргі уақытта Солтүстік теңіздегі ең ірі операторлар үшін, жылжымайтын мүлік портфелін жыл сайын бағалайды. Шын мәнінде фирма, Ұлыбританияның өндірістік қорлары бар Солтүстік теңіздегі блоктардың шамамен 90 пайызын бағалады. Бірнеше қоғамдық тізімде бар компанияларға, ДеГольер энд МакНотон компаниясы консалтингтік қыз көрсеткен. Фирманың АҚШ пен басқа жерлердегі сланецтерді бағалаудағы үлкен тәжірибесі ескеріле отырып, ДеГольер энд МакНотон Ұлыбританиядағы сланцы ресурстарын табуға бағытталған зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлуде. Компания, көптеген клиенттер үшін, осы ресурстарды бағалаумен айналысып келеді.

  • Болгария

    Компания, Болгариядағы жылжымайтын мүлікті бағалау үшін бірнеше мүмкіндіктерге ие болды. Болгария мен Еуропаны байланыстыратын жобаларды қаржыландырумен айналысатын компаниялар да ДеГольер энд МакНотон кеңестеріне сүйенді.

  • Габон

    Габон елінің құрлықтық және теңіздік мұнай-газ кен орындарына зерттеу және бағалау жұмыстарын жүргізіп келеді. Габон мемлекеттік мекемелердің, банктердің, және ірі мұнай компанияларының атынан көптеген зерттеу жұмыстарын жиырма жылдан астам уақыт бойы жасап келеді. Фирма Габондағы мұнай қорларын бастапқы бағалауға қатысып, оның нәтижелері елге бастапқы барлауға арналған лицензиялардың негізін құрды. ДеГольер энд МакНотон Габонда бағалау бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, және қосымша барлау жұмыстары елдің ресурстық базасын кеңейтіп келеді.

  • Гана

    Ганадағы ірі кен орындарында және резервуарларға ДеГолер және МакНотон компаниясы көптеген барлау, зерттеу және бағалау жұмыстарын соңғы он жылда көптеп жүргізген. Бұл ірі және күрделі жүйелі резервуарлар ауқымды түрде геологиялық, геофизикалық, петрофизикалық, және инженерлік деректер сараптамаларды қажет етеді. Сондай-ақ, осы сараптамалар арқылы резервуарлардың өнімділігін анықтап, даму жоспарын дайындайды. Біз осы салада және осы аймақта өз тәжірбиемізде арттырып, дамимыз деген ойдамыз. Сондай-ақ, ДеГольер энд МакНотон сейсмикалық барлауға, сейсмикалық өңдеу процестерін жобалауға, сейсмикалық өңдеу технологиясын жасауға, аймақтық жылдамдық модельдерін құруға, статистикалық модельдерді құрастыруға және Ганада 4D сейсмикалық талдауына жасауға көмектесуде.

  • Германия

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін, Германияда көптеген жылдар бойы, мұнай-газ активтеріне сараптама жасап келеді. Компанияның басты клиенттеріне неміс мұнай-газ компаниялары, еуропиялық компаниялар және де АҚШ компаниялары жатады. Консалтингтік қызметтер қатарына халықаралық компаниялар үшін жасалған жылдық есептер мен бағалаулар, және қаржылық институттар үшін тәуелсіз бағалаулар жатады. Компания қызметкерлерінде Германияның барлық геологиялық аймақтарында тәжірбие алмасқан.

  • Голландия

    Компания, Голландияда көптеген зерттеу және бағалау жұмыстарын жүргізіп келеді. Солтүстік теңіздегі көмірсутектер резервуарлардың құрамдас бөлігі ретінде, Нидерландыдан тыс жерде орналасқан резервуарлар мен кендер, солтүстік теңіздің қалған бөліктеріндегі резерваурларға ұқсас геологиялық сипаттамаларға ие. Дегенмен, кен қабаттары көп қабатты болып келеді. Осылайша, қалпына келтіру бағалары күрделі болуы мүмкін. Д&М көптеген регуляторлар, банктер және бірлескен қатысушылардың мүдделерін қорғайтын көптеген мүдделі тұлғалар үшін, қорларды бағалау мүмкіншілігіне ие болды. Д&М компаниясы жүргізген бағалау жұмыстары, үлкен портфельді бағалау, транзакциялық зерттеулер және нақты далалық зерттеулердің бөлігі болды.

  • Дания

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы құрылғаннан бері, Данияның мұнай-газ өнеркәсібіне қызмет көрсетіп келеді. Негізгі қызмет түрі болып лицензиялаудың алғашқы раундтары бойынша үкіметке көмек көрсету болып табылады.Содан бері, компанияның техникалық топтары Солтүстік теңіздегі барлық кен орындарын бағалауға қатысады. Сонымен қатар, фирма өзінің Данияның ең ірі өндіруші компаниясына, ішкі ресурстарды бағалау жүйесін құрудан қорлар мен ресурстардың алғашқы жариялануға дейінгі жұмыстар бойынша кеңесшілік етіп келеді.

  • Египет

    Д&М компаниясы, Египеттегі жылжымайтын мүліктерді бағалаумен ондаған жылдар бойы айналысып келеді. Батыс шөлдегі, Суэц шығанағындағы, Ніл өзені бойындағы және Жерорта теңізіндегі операторларға жобалар бойынша көмек көрсетуде. Д&М аймақтағы әртүрлі кезеңдердегі бірнеше белсенді жобалармен айналысуда. Олардың қатарына ірі теңіз мұнай газ кен орындарын ашу жатады. Бұл жобалар мұнай-газ қорларын және мамандандырылған перспективалық ресурстарды бағалауды, өңдеуші зауыттарды қаржыландыруды және жинауды, дамуды жоспарлауды және елдің бірнеше аймағын қайта қалпына келтіруді қамтиды.

  • Иемен

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Иеменде 1996 жылдан бері қызмет етіп келеді. Елдегі клиенттері болып әрбір шетелдік компаниялар танылады. Осы компаниялармен бірге, ДеГольер энд МакНотон елдегі қаржы институттарына, үкіметке кен орындарындағы даму жобалары бойынша көптеген презентациялар жасаған. Қорлардың потенциалы, даму жоспары, бағалауы және тексеруі туралы көптеген сараптамалық жұмыстар жүргізген. Осы елде, бұрыннан бері алған мол тәжірбиесіне байланысты, ДеГольер энд МакНотон компаниясы, елдегі ең үлкен газ кен орнына зерттеу, бақылау және бағалау қызмет түрлерін көрсетуге ие болды. Бұл сараптама, газ кен орнынан теңіз жағалауына дейінгі құбыр жолының коммерциялық тұрғыдан баға беруге өзінің үлкен септігін тигізді.

  • Ирак

    Компания Ирактың орталығында, оңтүстігінде және Кұрдістан автономиясында қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізген. Бұл бағалаулар динамикалық модельдер және қысымды өтпелілігін талдау сияқты күрделі техникалалық, қос кеуекті жүйелерді қалпына келтіру механизмдерін қарастырды. Д&М компаниясы құзыретті тұлғаның есептері, резервуарларды зерттеу және кен орындарын игеру мен жобаларды қаржыландыруды жөнінен тәуелсіз бағалау жұмыстарын аяқтаған.

  • Иран

    Соңғы кездегі үкіметтің санкцияларымен шектеліп қойғанына қарамастан, компанияның әлемдегі көмірсутектердің неғұрлым үлкен орындарының бірі Ирандағы бағалау жұмыстарын жүргізген. Әлемдегі ең ірі газ кеніші, Оңтүстік Парсы / Солтүстік Дома аймағын, Д&М компаниясы бірнеше рет бағалау жүргізген. ДеГольер энд МакНотон клиенттері болып әлемдік және ұлттық компаниялар табылады. Д&М экономисттері жылдар бойы осы саладағы бірегей лицензиялау шаралары бойынша тәжірибе жинақтаған және таза қорлар мен өндірістен түсетін табысты бағалау үшін, меншікті бағдарламаларды жасаған. Компания, Иранның көмірсутек ресурстарын бағалауды ертеректен бастаған, алғашқы компаниялардың бірі болып табылады.

  • Ирландия

    Жаңадан ашылған теңіздік газ кен орындарына зерттеу, барлау және бағалау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл зерттеулерге газдың жеткізілімін талдау, түтікшелі конструкциялардың кедергісі және газ келісімшартын толықтай енгізу кірді. Триас резервуары өз құрылымы жөнінен өте қарапайым болғанымен, өнімділіктің шегін анықтауда қиындықтар тудыруы мүмкін. Осындай зерттеулерде қысымға байланысты жүйелерді бағалауға арналған құралдар маңызды.

  • Испания

    Испан кен орындарын барлау, зерттеу және бағалаумен, компания ондаған жылдар бойы айналысып келеді. Компания сарапшылары, теңіздік мұнай кен орындарына, құрлықтық газ қорларына, және де басқа да активтерге бағалау жұмыстарын жүргізді. Компания әлі күнге дейін, Испаниядағы екі атақты мұнай-газ компанияларымен жұмыс жасап келеді. Олардың штаб пәтерлері Мадрид каласында орналасқан.

  • Италия

    Компания Италиядағы әрбір газ кен орындарында жұмыс жасау мүмкіншілігіне ие болған. Өндірістің көп бөлігі тоқырау шегінде, бірақ Вал Д Агри сияқты кен орындарында зерттеу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Д&М компаниясы Италияның барлық ірі операторлары үшін, сондай-ақ бірнеше шағын қатысушылары үшін кен орындары мен ашылымдарды бағалаумен айналысқан. Компания Сицилиядағы көптеген бағалы кендік активтерді, соның ішінде ең ірі өндіріс кен орындарын бағалаумен айналысып келеді.

  • Камерун

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы сұйытылған табиғи газ туралы жобаларды бағалаумен айналысып қана қоймай, Нигерия, Конго және Габонмен шекаралас жатқан Батыс Африкадағы мұнай мен газ қорлары мен ресурстарын тәуелсіз бағалаулармен қамтамасыз етті.Бұл бағалаулар кен орындары үшін техникалық және экономикалық көрсеткіштерді қарастырып, тіпті, кейде көрші елдердегі жобалардың, Камерундағы жобаларға байланысын қарастырды.

  • Катар

    Катарда, компания көптеген мұнай-газ зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Компания, көптеген халықаралық мұнай компанияларына, қалпына келтіру жұмыстары бойынша консалтингтік көмек көрсеткен. Мысалыға, елдегі ең үлкен газ кен орны болып табылатын Солтүстік Доум аймағын қалыпқа келтіру. Бұл жер теңізде орналасқан, терең, жуандығы үлкен, және құмның өткізгіштігі төмен кен орны болып келеді. Осы кен орны бойынша, компания, әр түрлі жылдар аралығында көптеген жобалар жасады. Д&М компаниясы жасаған жұмыстарға, осы саладағы іріктелген блоктардың жыл сайынғы резервтік жаңарылымдар жатады. Осы жаңарылымдар әлемдік мұнай компанияларына арналған.

  • Кения

    Д&М Ламу бассейніндегі, соның ішінде Миоген рифіндегі, бірнеше ресурстық мүмкіндіктерді бағалады.

  • Конго

    Компания Конго Республикасында және Конго Демократиялық Республикасында консалтингтік жұмыстар жүргізген. Компания клиенттеріне ірі халықаралық және ұлттық мұнай компаниялары, мұнай оперторлары және басқа да компаниялар кіреді. Компания Конго елдеріндегі барлық мұнай-газ кен орындарына зерттеу жұмыстарын жүргізген. Компания қызметкерлері Бор және Альб дәуірінде қалыптасқан құрлықтық және теңіздік (соның ішінде жақын арада ашылған теңіздік кен орындары) кен орындарына бағалау жүргізу мүмкіндіктеріне ие болған. Компания сарапшылары құнды, тәуелсіз SEC және PRMS сертификаттары және қаржыландыру жобаларын қолдайтын тәуелсіз зерттеулерге баға берумен айналысып келеді. Арнайы бағалау түрлеріне геологиялық, геофизикалық, инженерлік, сондай-ақ мұнай-газ көлемінің ықтималдық талдауы, өндіру көлемінің ұлғаюы бойынша тест, ұңғыма сынағы, елдегі экономикалық сезімділік сараптмалары кіреді.

  • Кувейт

    D&M компаниясы Кувейтте және Сауд-Кувейт бейтарап аймақта маңызды тәжірибе жинақтап, ұлттық мұнай компаниялары мен басқа клиенттер үшін құрлықтағы және оффшорлық орталарда кен орындарын игеру жөніндегі зерттеулерді, қорларды бағалауды, және перспективалық ресурстарды бағалауды жүзеге асырады. Елдегі ең үлкен мұнай қорларына, компания сарапшылары аналитикалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Ұлттық және жеке мұнай-газ компаниялары үшін, ДеГольер энд МакНотон компаниясы, коп жылдар бойы, қорларды бағалау, резервуарларда симулияцы процесін жүргізу, оларды зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Д&М компаниясы, сонымен қатар, Кувейттегі гетерогенді резервуарға арналған химиялық EOR бағдарламасының пилоттық жобасын жасады.

  • Либерия

    Компания, Либерия және Сьерра-Леоне бассейнінде, оның ішінде Кампаньян, Маастрихтиялық және Турониан дәуіріндегі жыныстарды барлар, зерттеулер жүргізді.

  • Ливия

    ДеГольер энд МакНотон, 1960-шы жылдан бері, Ливияда мұнай кен орындарына зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жақында, Ливияда, жұмыс жасайтын батыстық компаниялардың атынан, ДеГольер энд МакНотон қорларды мен ресурстарды зерттеу және бағалау жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, компания, Ливиядағы бассейндердің кейбір дамымаған бөліктеріндегі ресурстық әлеуетті бағалауға қатысқан және сол кезде, компания, ықтималдық әдістерін қолданып, осы практика жөнінен мол тәжірибе жинаған. Өндірістегі және дамудағы соңғы үзілісте Д&М бағалаушылар кешіктірулердің, лицензияның кеңейтілуінің және жалпы құнның өсуі мен шығындарының әсерін бағалауды жасады. Осы соңғы бағалауда Д&М-да техникалық және экономикалық сарапшылардың түрлі және интеграцияланған топтары болды. Д&М сондай-ақ, Ливия елінің аумағында бірнеше кен орындарын игеру жұмыстарын аяқтаған. Бұл зерттеулер сарқылу мен су тасқыны әрекеттерінің жақсаруын, сондай-ақ EOR қызметінің әлеуетін қарастырды.

  • Мавритания

    Мавританиядағы ең үлкен құрлықтық және теңіздік кен орныдарына ДеГольер энд МакНотон компаниясы барлау және бағалау жұмыстарын жүргізген. Бұл кен орындары жұмыс жасауға, өзінің тау жыныстарына байланысты күрделі, сонымен қатар өнімділік деңгейі қатты өзгеріп отырады. Жақында жүргізілген жұмыстар кен орындарындағы процестер құзыретті тұлғаның есептеріне, техникалық зерттеулерге, банктік қаржыландыруға және қорлардың жалпы есеп беруіне сәйкестігін бағалауды қамтиды.

  • Мозамбик

    Мозамбиктегі ұлттық және жеке компаниялар үшін, ДеГольер энд МакНотон компаниясы құрлықтық және теңіздік резервуарлар мен қорларды сертификаттау жұмыстарын жүргізген. Блок 1 мен 4-те соңғы ашылымдар компания сарапшылары арқылы бағаланған болып табылады. Құрлықтағы ірі газ кен орныдарындағы қаржы және даму жобаларын жақсарту барысында, компания тәуелсіз геологиялық және инженерлік зерттеулер жүргізген. Бұларға геофизикалық, геологиялық, және петрофизикалық зерттеулер кіреді. Кейбір жағалаулық кен орындарын лицензиялау жүйелерін, Мозамбик ұлттық мұнай компаниясының сұранысымен жасаған.

  • Морокко

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы,Тарфая және Ессуайра бассейндеріндегі миоцен, юра және бор қыртысындағы ресурстық мүмкіндіктерді бағалады.

  • Намибия

    Компания Намибияда көптеген зерттеу жұмыстарына қатсықан. Олардың көпшілігі Бразилия мен Оңтүстік Американың шығыс жағалауындағы резервуарларға деген қызығушылықтың артуы, компанияларға барлау бұрғылауды қарастыруға мүмкіндік берді.

  • Нигерия

    Компания Нигерияда ондаған жылдар бойы жұмыс жасап келеді. Нигер өзенінің бойындағы бірнеше кенді аймақтарды зерттеген. Фирма ірі халықаралық мұнай компанияларының және бірлескен кәсіп орындардың атынан, газ өндірісен замауи газ зауыттарын салу арқылы дамыту жобаларына қатысқан. Осы жобаларға қатысу арқылы, компания газ саласындағы өз білімін арттырып, және бұл көптеген жергілікті, ұлттық және халықаралық компанияларға қызмет көрсетуге мүмкіндік ашты. Өндіріс жағалаудан теңізге жылжуына байланысты, Д&М компаниясы, осы терең кен орындарымен байланысты көптеген мега-жобаларды қамтыды. Жақында Нигериялық компаниялары холдингтерді бағалауға, мүмкіндіктерді анықтауға және қаржы нарықтарына сәйкес келетін қолайлы қаржылық есептер жасауға көмектесуін сұрады.

  • Норвегия

    Көптеген клиенттер үшін, ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Норвегиядағы шамамен барлық мұнай-газ кен орындарында жұмыс жасады. Шетелдік серіктестер үшін өткізілген SEC-тың бағалауы, алғаш рет ашылған кен орындарына жеткізді. Норвегиядағы ең ірі теңіздік компаниясы өз акцияларын жариялау үшін, ДеГольер энд МакНотон компаниясы, активтерді толыққанды зерттеу үшін тапсырыс алды. Үздіксіз және тұрақты түрде, Норвегияның активтеріне арналған ашылымдарды, кен орындарын және портфельдерді бағалап отырады.

  • Оман

    Оманда, компания 1970 жылдан бері зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Оман үкіметі және елдегі көптеген операторлық компаниялар үшін өндіріс болжамы мен қорлар бағалауы бойынша бірнеше жобалар жасаған. Бұл зерттеулер жан-жақты зерттеліп, бүкіл елді қамтыды. Соңғы жылдары, ДеГольер энд МакНотон компаниясы Оман сұйытылған табиғи газды жеткізетін зауытты бағалауда белсенді рөл атқарып келеді. Бұл зауыт 2000 жылдың ортасында қызмет көрсетуге кіріскен. Д&М компаниясы белгілі бір кезеңдерде, газ зауытының кеңеюі сияқты өзгерістерді бағалау жұмыстарына қатысқан.

  • Оңтүстік Африка Республикасы

    Д&М Алгоа, Гамтус және Сарғылт бассейндеріндегі бірнеше ресурстық мүмкіндіктеріне (Бор жыныстары) барлау жұмыстарын жүргізген.

  • Румыния

    Румынияның оңтүстік бөлігіндегі мұнай-газ кен орындарына және де Солтүстік Трансилваниядағы газ кен орындарына барлау және бағалай жұмыстарын жүргізген.Әлемдегі ең ескі мұнай өндіретін кен орындарының көпшілігі Румынияда орналасқан. Олардың кейбіреулерінде полимерлі-модификацияланған су тасқыны, өрт сөндіру және бу тасқындары сияқты қалыпқа келтіру процестері жүріп жатыр. Резервуарлардың ламинатты болу мүмкіншілігіне байланысты, бастапқы көлемі мен казіргі көлемі бойынша қалыпқа келтіруді бағалау қиынға соғады. Компания, Румыниядағы ең ірі ұлттық мұнай компаниялары, сондай-ақ сол жердегі шетелдік компаниялармен тығыз қызметтік тәжірбие алмасуда.

  • Сауд Арабиясы

    Компания таяу Шығыста барлау, зерттеу жұмыстары басталғаннан бері жұмыс жасап келеді. Сол жұмыстарының бірі болып, Сауд Арабиясындағы көмірсутектің потенциалын бағалау жұмыстары болып табылады. Компанияның соңғы жылдардағы жұмыстары болып, дәстүрлі емес резервуарларды бағалау бойынша тренингтер мен бағыт-бағдарлық сабақтар табылады.

  • Сенегал

    Д&М компаниясы, Сенегалдың теңіздік барлау жұмыстарына сейсмикалық өңдеу және аймақтық жылдамдық үлгілерін құру атты геофизикалық зерттеулер жүргізген

     

  • Сирия

    ДеГольер энд МакНотон көптеген жылдар бойы, Сириядағы қорларды бағалаумен айналысып келеді. Д&М компаниясы солтүстік-шығыс Сириядағы бірнеше негізгі өнімді бөлісу келісімшарттары бойынша, 35 мұнай кен орнына жыл сайынғы шолу жұмыстарын жүргізді. Өндірістің басым бөлігі Рутба және Мюлуса резервуарлары сияқты, мұнайға толы аймақтарда кездеседі. Мұнай кен орындарындағы байланыстырылған газ, газ зауытының жобаларының бөлігі ретінде қарастырылады.

  • Танзания

    Д&М компаниясы, резервуарлар және резервтер жөнінде, Танзаниядағы теңіздік және жағалаулық аймақтарда жұмыс жасайтын бірнеше клиенттерге сертификаттау жұмыстарын жасады. Көптеген теңіздік ашылымдар компания экперттері арқылы барланған. Бұл зерттеулерге геофизика, геология, петрофизика және бірнеше қабаттық резервуарларды жобалау туралы өте жоғары барлау және бағалау жұмыстары кіреді.

  • Тунис

    Д&М құрлықтағы және теңіздегі Дидон, Аштарт, Адам және басқа да кен орындарында табылған ірі мұнай-газ қорлары бойынша зерттеулер жүргізген. Соңғы жұмыс елдің шалғай аудандарында табылған және ашылмаған ресурстарды бағалауды қамтиды. Компанияның Тунистегі клиенттеріне кен өндіруші операторлар мен оны дамытушы компаниялар жатады.

  • Түркия

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Түркиядағы қорлар мен ресурстарға тәуелсіз эксперттік баға беретін алғашқы компания болды. Сонымен қатар, Д&М компаниясы Тракия, Оңтүстік-Батыс бассейндерінде және Ортақой ауданында жұмыс жасаған операторлар үшін көптеген жобаларды жасады. Д&М Түркиядағы өндіріс аймағы және оның физикалық, техникалық, ақша және реттеуші / салық режимдері туралы жетік меңгерген. Д&М далалық операциялармен, компания басшылығымен және қаржылық есеп берушілермен көптеген далалық бағалау жіне зерттеу жұмыстарында өзара қарым-қатынас жасаған.

  • Уганда

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы жақында, Угандада барлау және бұрғылау, сондай-ақ перспективті ресурстарды бағалау мүмкіндіктеріне ие болды. Ел геология күрделі болып танылады, және де елде жоспарланған даму және тасымалдау мәселелері жие кездеседі.

  • Франция

    Компания жақында,Тройс Фонтайнес газ кен орнына бағытталған ірі жобаны және Париж бассейнінде, өткен жылдары, басқа жобаларды аяқтады. Жақында жүргізілген шаралар, дәстүрлі емес ресурстар әлеуетін қарастыруды және лицензияның жойылуына байланысты әлеуетті шығындарды бағалауға көмектесуді қамтиды.

  • Экваторлық Гвинея

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Экваторлық Гвинеяның теңіздік кен орындарының қасиеттерін бағалау және тұжырымдамалық даму жұмыстарын жүргізіп келеді. Компанияның клиенттердің атынан осы аймақта жасаған жұмыстары, қиын резервуар жүйелерін терең түсінуге септігін тигізді. Онымен қатар, D&M-де геологиялық зерттеулер жүргізіліп, игеру әлеуетін бағалау үшін елдегі пайдалы қабаттардың геологиялық үлгісі жасалды.

  • Эфиопия

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Огаден бассейнінде көптеген ашылымдар үшін шартты ресурстарды бағалау жұмыстарын жүргізген. Бұл ашылулар Эфиопияның оңтүстік бөлігінде ораналасқан, бор және юра жыныстары болып табылады. Бұл аймақ тарихи жағынан белсенді мұнай аймағы болмаса да, өңірдегі соңғы ашылымдар, осы өңірге деген бірнеше елдің қызығушылығын арттырды.