Тарихы
ДеГольер энд МакНотон 1936 жылы ғылыми әдістерге мұқтаж болған салаға тікелей жауап ретінде құрылған. 1859 жылы Дрейкиннің ашылуынан кейін, АҚШ-тағы ерте мұнай өнеркәсібінде өрлеу кезеңдері мен тоқырау кезеңдері алмасып келіп отырды. Ұңғымалардың бір кен орнында көптеп орналасуы мұнайдың сарқылуына әкеліп соқты. Мұнайды қозғалысқа түсіретін табиғи газ ауаға жіберіліп, потенциальды энергия көзінен ауырылды.
Резервуарлардың жағдайын дұрыс емес және толық емес бағалау, қарапайым өндіріс тәжірибелерімен бірге әлеуетті қорларда үлкен шығындарға әкелді. Мұндай рәсімдер бақылаусыз қалғанда, миллиардтаған баррель мұнай ешқашан өндірмеуі мүмкін еді.
1930 жылдарға қарай, ескі ашық ағындық жүйе бойынша мұнай өндіру шектеулі нарықтарда шамадан тыс көлемде болуына байланысты мұнай өнеркәсібінің экономикалық өміріне үлкен қауіп төнді. Елде, мұнай мәселесін шешу үшін, орталықтандырылған жүйеге көшуге мәжбүр болды. Ғылыми әдістер мен консервация қағидалары әлсіреген саланы тұрақтандыруға кірісті. Банкирлер ұзақ мерзімді несилерді кепілдік ретінде жер асты мұнай қорларын қарастыруға кұмәнмен қарайтын болды, ең басты фактор мұнай компаниялалырың репутациясы, яғни бизнес партнерлеріне деген адалдығы болып табылады. Осыған орай неғұрлым инновациялық қаржыландыру әдістері қажет болды, және де тәуелсіз резервуарларды зерттеу және бағалау қажеттілігін тудырды. Эверетт ДеГольер және Льюис МакНотон осындай қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ДеГольер энд МакНотон компаниясын құрып, энергия үнемдеудің жаңа дәуірін жариялады.
1919 жылдан бастап, әлемдегі мұнай мамандары Эверетт ДеГольерге геофизикалық барлау саласында ізашар ретінде қарады. Шамалы адамдар, егер ондай адамдар бар болса, халықаралық мұнай өнеркәсібіне аса мән беріп, көптеген мұнай кәсіпорындар құрды немесе оларды басқаруды қолға алды. Сол кездегі дүние жүзіндегі ең үлкен ұңғыманың ашылуына орай, оның болжауына қатысуы, ДеГольердің түйіндемесіне астын сызып қоятындай еңбек қызметін әкелді.
Оның ерен еңбегі үшін ДеГольер жоғарғы қызмет медалі деген атақ түрі құрылды.
Льюис МакНотон – ДеГольер тәрізді талантты геолог, ол колледждің дәрежесін алғанға дейін шетелде жұмыс тәжірибесін жинаған. 1928 жылы Амерада Петролим Корпорациясының сол кездегі президенті ДеГольер, МакНотонды ғылыми және әдістемелік қызметкер ретінде жалдады. ДеГольер 1932 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін (46 жасында) қаржы институттары мен мұнай компаниялары ДеГольерден әрдайым кеңес сұрап тұрды.
Кәсіби кеңеске сұраныстың көбеюіне байланысты, ДеГольер МакНотонды әлемдегі мұнай саласындағы ең бірінші ғаламдық консалтингтік компания құруға шақырды.
Осы екі кісі біріге отыра әлемдегі ең ірі компаниялардың бірін құрды.
ДеГольер энд МакНотон компаниясы әлемдік мұнай өнеркәсібіне бейтарап, сараптамалық қызмет көрсетуді жалғастырып келеді және 80 жылдан астам уақыт өткеннен кейін бастапқы серіктестіктің белгілері әлі де байқалады: жаңашылдық рухы, инновацияға деген ұмтылыс, ғылыми білімге деген ұмтылыс және өтініш беру мүмкіндігі бұл білім шығармашылық және адалдылық.