Ғаламдық мұнай консалтингі
Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі

Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі

ДеГольер энд МакНотонның Азия-Тынық мұхиты / Латын Америкасы бөлімі Оңтүстік-Шығыс Азияның, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс Азия елдерінен және оффшорлық елдерден зерттеуге жауапты. Осы бөлімнің тәжірбиелері болып көп жылдар бойы көмірсутекті бассейндердегі еңбектері болып табылады. Компания зерттеу жұмыстарын мынадай елдерде жасады: Австралия, Бангладеш, Бразилия, Боливия, Бруней, Чили, Қытай, Колумбия, Эквадор, Гайана, Индия, Индонезия, Малайзия, Моңғолия, Мьянма, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Папуа-Жаңа Гвинея, Филиппин, Таиланд, Тринидад және Вьетнам елдері.

Д&М компаниясы газ қорлары жөнінен газ сатып алушыларға, жобалық қаржыландыру, мүдделі тұлғалар және үкіметтік агенттіктерге эксперттік сертификаттандыру жасайды.
Д&М Азия-Тынық мұхиты аймағында орналасқан сұйытылған табиғи газ жобаларының әлемдегі ең үлкен концентрациясына дербес зерттеулермен қамтамасыз етіп келеді. Д&М әлемдегі энергетикалық саланың өте белсенді аймағында клиенттердің сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру үшін клиенттермен өте тығыз жұмыс істейді.

Д&М Латын Америкасында мемлекеттік органдарға, жергілікті мұнай-газ компанияларына және әлемдің мұнай-газ компанияларына 50 жылдан астам уақыт бойы белсенді түрде қызмет көрсетіп келеді. Д&М компаниясы Латын Америкасындағы ірі ұлттық мұнай компаниялары, сондай-ақ көптеген тәуелсіз компаниялар үшін жыл сайынғы резервтік куәліктерді жүргізеді және осы өңірде орын алған түрлі сауда-саттық кезінде клиенттерге үнемі көмек көрсетеді.Бөлімде испан немесе португал тілдерін еркін меңгерген қызметкерлер бар, ал бөлімшенің басқа да қызметкерлері испан тілін біледі. Д&М үнемі өз клиенттерінің игілігі үшін испан тілінде (ағылшын тілінен басқа) есептерді үнемі жариялайды.

Клиент туралы әңгімелер

  • Myanmar

    D&M has performed reserves and resources evaluations in clastic and carbonate reservoirs for various clients in Myanmar, some of the properties evaluated include the Mya, Shwe, Shwe Phyu, Yadana, Yetagun, and Zawtika fields, among others.

    D&M professionals have also evaluated numerous fields in the Asia-Pacific region with similar geological trends, reservoir properties, and development strategies to those located in Myanmar. D&M has analyzed fields across the region, extending from the Bay of Bengal (including every field in the Krishna-Godavari Basin and fields in Bangladesh such as Bibiyana), across the Andaman Sea (including the fields in Myanmar), and to the Malacca Strait (including evaluations near the Aceh and North Sumatra provinces). D&M has also performed an evaluation of the Malaysia-Thailand Joint Development Area (MTJDA).

  • Антигуа және Барбуда

    Антигуа және Барбудадағы ДеГольер энд МакНотонның тәжірибесі Кариб өңіріндегі мұнай жүйелерімен шектелген. Өйткені бұл елде мұнай мен газ әлеуетіне барлау жұмыстары жүргізілмеген болып табылады.

  • Аргентина

    Аргентинаның Неукен, Сан Хорке, Кьюо, Аустрал Австралия және Солтүстік-Батыс атты негізгі өндіруші бассейндерінде техникалық зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер толық резервуар модельдеуді, техникалық мәселелерді арбитражды және болжамды бағалауды қамтиды. ДеГольер энд МакНотон компаниясы клиенттердің техникалық қызметкерлерімен бірге Неукен және Аустрал бассейндеріндегі сатып алынған жылжымайтын мүлік объектілеріне баға беріге қатысқан. Фирма ЮПФ СА-ның негізгі консультанты ретінде Оңтүстік Аргентинадағы австралиялық бассейнде ЮПФ СА агенттерін жекешелендіру сатысында болды. Осы зерттеудің бөлігі ретінде Д&М жекешелендіру үдерісіне арналған деректерді қарап және бақылап, бүкіл бассейндегі болашақ газдың жеткізілімін болжау үшін пайдаланылатын егжей-тегжейлі дерекқорды әзірлеген. Д&М компаниясы Аргентинадағы дәстүрлі емес ресурстарды бағалауда өте белсенді болып, елдегі ірі тақтатастар мен газ жобаларын, сондай-ақ барлау және бағалау аймақтарын дамыту үшін резервтік зерттеулер мен қорларды бағалауды жүзеге асырды.

  • Аустралия

    Аустралия елінде, компания қырық жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Мысалы, фирма Купер, Эроманга және Сурат бассейндерінде, әртүрлі клиенттер үшін, 80-ден астам кен орындарын бағалады. Бұл зерттеулер геологиялық ғылымның барлық аспектілерін, соның ішінде геология, логикалық бағалау, инженерлік және экономикалық талдауды қамтиды.
    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Солтүстік шығыс шельф кен орындарына қатысты алғашқы ірі газ сертификациясын, соның ішінде Батыс Австралиядан жағалауы, Гуфин және Алвин кен орындарында жасады. Бірқатар мүдделі тұлғалар үшін осы зерттеулер сериясы осы кен орындарындағы барлық қол жетімді техникалық деректерді сараптамалап, тәуелсіз бағалауды ұсынды. Зерттеулер алғашқы аустралиялық сұйытылған табиғи газ жобасына қатысты қаржыландыру және кен орындарын игеру шешімдеріне негізделген. Компания Дарвин сұйытылған табиғи газ жобасының мерзімді жаңартуларын, соның ішінде «БайуУндан» кен орнынындағы жаңартуларды жүргізеді. Бұдан басқа, ДеГольер энд МакНотон компаниясы игерілген Ихтиш газ кен орнының қорларын, сондай-ақ Азия сұйытылған табиғи газ нарығына арналған бағалайды. Компанияны Австралия үкіметі Шығыс Тимор үкіметімен бірге Гитер Санрайз кен аймағы үшін түп нұсқадағы көлемді бағалау жұмыстарын жүргізді. Компания геофизикалық интерпретациядан бағалауды, оның ішінде геологиялық модельдеуді жүргізеді.
    Компания Шығыс Аустралиядағы Блина, Сандаун, Харриет, Солтүстік Хералд және Оңтүстік Пеппер кен орындарына зерттеу, барлау және бағалау жұмыстарын жүргізген. Солтүстік территориялардағы кендерді бағалауға Джабиру мен Шалис кендері кірді, олардың екеуі де фазалық кезеңде бірнеше жылдар бойы зерттелген. Д&М қазіргі уақытта әртүрлі операторлар үшін Купер, Сурат және Боуэн бассейндерінде бірнеше дәстүрлі емес сланецті газ кен орындарын, тығыз газ резервуарларын және терең көмір газын бағалаумен айналысады. Купер бассейнінде Д&М Юралық мұнайын және құмдарын, сланецті және көмір су қоймаларын қамтитын барлық Пермь газ учаскесінде жұмыстар жасаған. Сондай-ақ, Сурат бассейніндегі бүкіл бор мен юра көмірлі газды учаскелерін бағалаған. Боуэн бассейнінде Д&М компаниясы әртүрлі көмір учаскелерін зерттеген. Сонымен қатар, компания Бас Стрэйтс және Тасман теңіздік кен орындарына бағалау жұмыстарын жасаған. Фирма Гипсланд бассейнінің геологиялық барлау әлеуетін зерттеп, және шолу бассейнінде бірнеше ресурстық зерттеулерін орындаған.

  • Бангладеш

    Бангладеште, ДеГольер энд МакНотон компаниясы мемлекеттік және жеке компаниялар үшін, соның ішінде ұлттық мұнай компаниясы мен екі халықаралық мұнай компаниялары үшін бірнеше техникалық бағалау жұмыстарын жүргізген. Фирма 20 жылдан астам уақыт бойы бүкіл ел бойынша мұнай кен орындарын бағалаумен айналысқан. Компания даму және компрессорлық қондырғыны қолдау үшін елдегі ең ірі газ кен орнын бағалап, кен орнында қарастырылған әр түрлі қызмет түрлеріне орай түпнұсқа газдың тәуелсіз бағалауларын жасады.

  • Барбадос

    Барбадос елінде, ДеГольер энд МакНотон компаниясы Шотландияның күрделі резервуарлардағы және Вудбурн даму аймағындағы орналасқан кен орындарының қорларын бағалады.

  • Боливия

    Боливия еліндегі қызметі көп жылдар бұрын басталған. 1960-шы жылдары, ұлттық компанияға өндірістің барлық фазасына зерттеу жасап, көптеген баянадамалар көрсеткен. Фирма YPFB-ны капиталдандыру және жекешелендіру процесі үшін негізгі кеңесші болды. 1995 жылы бүкіл ел қорларын экономикалық тұрғыдан бағалауды аяқтады. Содан бері жаңа ашылымдардағы және кен орындарындағы нәтежиелерді біріктіре отырып, зерттеулерін жаңартты.

  • Бразилия

    Бразилиядағы ДеГольер энд МакНотон компаниясының еңбек жолы 1940-шы жылдардан басталған. Сонымен қатар, 2001-ші жылдан бастап компания, Петробрас компаниясына қорларды серттификаттау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл зерттеулер Бразилияның бассейндерінде орналасқан белгілі бір кен орындарының бағалауына қолданылған. Компания Сантос және Кампос бассейндеріндегі “тұзға дейінгі” атты кен орындарында көптеген сараптмалық жұмыстар жүргізіп келеді. Сондай-ақ зерттеу жұмыстары көптеген жеке компанияларға, соның ішінде Петробрас компаниясына арналған.

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы бразилиялық ірі компания үшін көп қабатты портфель әлеуетіне барлау және бағалау жұмыстарын жүргізген. ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Петробас компаниясына жаңадан ашылған кен орындарында өнімділікті қалай максимальдауға болады атты тақыры бойынша стратегиялық жоспарлар дайындап, кеңес беруде. Компанияның бұрын-соңды кешенді стратиграфиялық, құрылымдық және резервтік инженерлік мәселелерді шешу бойынша алған тәжірбиесі, кез-келген бразилиялық жобаны жүргізу үшін баға жетпес ілім болып табылады.

  • Бруней Сұлтандығы

    Борнео аралындағы теңіздік резервуарларға зерттеу жұмыстарын жүргізген. Компанияның сұлтандықта алған негізгі тәжірбиелері газ-консендат, мұнай, ілеспелі емес газ-конденсат бойынша болып танылады. Д&М компаниясының бағалау жұмыстары сатып алуды, жобалық қаржыландыруды, сертификаттарды және жыл сайынғы қорларды есепке алу талаптарын қолдау үшін жүзеге асырылды. Оның интерпретациясының ауқымы, әдетте, кең көлемде түсіндіру принциптерінің барлық қырларын қамтиды. Резервтер мен шартты ресурстардың бағалау, болашақ өндірістің болжамдары мен түрлі пәндік түсіндірулерді біріктіреді. Д&М компаниясы ұлттық мұнай компаниясының атынан, Брунейдегі бес ірі мұнай кен орындарына терең геологиялық және инженерлік зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер тек қана терең техникалық бағалауды ғана емес, сондай-ақ, кендегі нысандарды және өндірістік процедураларды инспекциялауды да қамтиды.

  • Венесуэла

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Венесуэлада көптеген геологиялық және инженерлік зерттеу жұмыстарын жүргізген. Венесуэла де Петролиус компаниясына техникалық кеңесші ретінде қызмет атқарды. Осы қызмет кезінде, компания, 17 кен орындарын зерттеу, мадақтау қағазына ие болған. Фирма Ориноко ауыр мұнай белдеуінде жұмыс жасап, керемет тәжірибесі алған. Осы белдеуде, компания Серро Негро аймағын зерттеуден бастаған және Ориноко белдеуінде сертификаттау жұмыстарын жүргізген. Синкор және Хамака аймағындағы ауыр мұнай үшін, петрофизикалық, геологиялық, инженерлік зерттеулер жасаған. Компания ұңғымаларды модельдеу әдістерін қолданып, ұсынылған көлденең ұңғымалар үшін, соның ішінде тығыздау және көбік майының қысымы-көлем-температура сипаттамасын туралы, типтік-ұңғымалық профильдерді әзірледі.

  • Вьетнам

    Компания Вьетнамдағы ең ірі екі компания үшін, көптеген теңіздік кен орындарына сараптама жасап, бағалау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, компания, Оңтүстік Қытай теңізіндегі екі вьетнамдық кен орындарының қор бойынша әлеуетіне баға беріп, зерттеу жасады. Бұл екі географиялық жағынан ерекшеленетін аймақтар, бірнеше түрлі көмірсутекке қарсы механизмдерді, карбонатты және шекті шөгінділерді жыныстармен қамтылған.

  • Гайана

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы соңғы 6 жылда бірнеше операторлар атынан Гайана-Суринам бассейнінде перспективалық ресурстарды бағалауда белсенділік танытты. Кейін 2015 жылы ExxonMobil-дің Лиза кен орны ашылғаннан бастап, осы бассейндегі мұнай жүйелеріне салалық қызығушылық арта бастады. Компанияның бассейндегі білімі мен тәжірибесі Лиза кенішінің бастапқы ашылуы мен дамуымен бірге қарқынды түрде өсіп келеді. Гайана-Суринам бассейніндегі жағдай және жер қыртысы, Африканың батыс жағалауындағы жер қыртысына ұқсас болып келеді. Ол жерлерде, ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Экваториальді Гвинея, Габон және т.б. елдердегі қорларды, контингенті ресурстарды және перспективалық ресурстарды бағалаудағы мол тәжірибе жинаған.

  • Гондурас

    Гондураста барлау бұрғылау шектеулі болды, сонымен қатар, BG компаниясы соңғы барлау ұңғымаларын бұрғылау құқығына ие болды. Бүгінгі таңда елде коммерциялық мұнай немесе газ кен орындары ашылмаған болып табылады. ДеГольер энд МакНотон компаниясы Латын Америкасында, соның ішінде Колумбия мен Мексикада перспективалық бағалау жөнінен кең ауқымды тәжірибеге ие. ДеГольер энд МакНотон компаниясының Мексиканың жағалаулық және теңіздегі мұнай жүйелері туралы білімі, Колумбиядағы мұнай мен газ кен орындарын бағалаудағы айтарлықтай тәжірибесінің бар болуы, Гондураста болашақ мұнай мен газ жинақтарын бағалауға мүмкіндік береді.

  • Гренада

    Гренадада ДеГольер энд МакНотон компаниясы оңтүстік теңіздік аймақтарының мұнай-газ әлеуетін барлау жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыс ауқымды перспективалық ресурстарды бағалауға негізделген, компания бүкіл әлемде жүзеге асырылып, ашылмаған ресурстардың болуы әлеуетін сипаттайтын, салыстырмалы білім базасын қамтамасыз етеді.

  • Гуатемала

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы, 1993 жылдан бері Гуатемаланың ірі бассейндерінің бірі болып табылатын Солтүстік және Оңтүстік Петр бассейнінде техникалық зерттеулер жүргізіп келеді. Зерттеулерге 2D және 3D сейсмикалық деректерді шолу және түсіндіру; әлеуетті зерттеулер; перспективті ресурстардың бағалары мен ұсыныстары; Кобанның қалыптасуынан пайда болған көптеген кен орындарындағы қорларды бағалау және барлау; экономикалық модельдерді зерттеу; және 2-D және 3-D типті резервтік модельдік зерттеулер жатады.
    Жақында компания жаңа газ конденсатты кен орындарын табу үшін жоспарлау және қорларды зерттеу жұмыстары жүргізуге көмектесті.

  • Жаңа Зеландия

    Халықаралық операторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық арқасында, Д&М Жаңа Зеландиядағы мұнай мен газ кен орындарын бағалауда ұзақ жылдан бері серіктестік жасап келеді. Жақында, Д&М компаниясы жергілікті Жаңа Зеландия компанияларымен қорларды бағалауға, сондай-ақ әлеуетті дамыту мүмкіндіктеріне және жергілікті кен орындарында мұнай өндіруді жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстарға кірісті. Фирма үнемі экономикалық сараптаманы, бағалау жобаларының бір бөлігі ретінде қарастырады.

  • Жапония

    Д&М компаниясы, әлемде қызмет жасайтын көптеген жапондық мұнай компаниялары үшін консалтингтік қызметтер көрсетуде. Сонымен қатар, Д&М сынған вулкандік резервуардан шығаратын Минами-Нагоака кен орнына баға берді. Д&М түрлі жанарту фациенттерін петрофизикалық қасиеттерге байланыстыратын толық петрофизикалық интерпретациясы түпнұсқа газды таратуға негіз болды. Материалдық-баланстық талдауды ескере отырып, кен орындарын бағалау негізінде қорлар есептелді. Д&М, сондай-ақ, Накаджо кен орнындағы резервуарды бағалап, оның сулы горизонттағы газы өндіріліп, су мөлшері қалпынқа келтірілді.

  • Индонезия

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Индонезиядағы шамамен барлық газ кен орындарына барлау, зерттеу және бағалау жұмыстарын жүргізген. Олардың қатарына ең ірі газ кен орындарының бірі болып табылатын Бонтанг және Танггух ен орындары да жатады. Отыз жылдан бері, ДеГольер энд МакНотон компаниясы Индонезия мұнай реттеу мекемесімен, халықаралық және жергілікті мұнай операторларымен, сондай-ақ, елдегі мұнай индустриясымен байланысты және оған қолдау көрсететін банктермен және институттармен тығыз байланыста. Д&М «газ сертификаттарын» беру арқылы газ өндірушілер мен газ сатып алушылар арасындағы алшақтықты жоюдың жолы ретінде қолданды. Осы тұжырымдама арқылы, фирма сұйытылған газ зауытын газбен қамтамасыз ететін, көптеген кен орындарына бастапқы бағалау жұмыстарын жүргізіп алды. Д&М жақында индонезиялық мұнай және газ кен орындарын техникалық зерттеумен айналысқан. Бұл зерттеудің басты объектісі болып Сингапурға және ішкі тұтынушыларға арналған газ жеткізілім кен орындары болып танылады. Бұл жобалар Индонезияда және халықаралық қаржы қауымдастығында өте жоғары бағаланады, және Д&М бұл шараның орындалуында маңызды рөл атқарды.
    Индонезиядағы Д&М тәжірибесі, Суматрадағы таза ультра жоғары өткізгіштігі бар карбонаттардан бастап, Шығыс Калимантаның және шығыс пен батыс Ява жүйесіндегі күрделі, шикізаттық шоғырланған жинақтардан мен тұндыру ортасының барлық түрлерін қамтиды.
    Клиенттердің атынан, компания мұнай-газ сатып алу үшін деректерді өңдеп, сараптамалап дайындайды. Сонымен қатар, фирма толыққанды техникалық бағалау және экономикалық сараптама процестерін жүргізеді. Компания Индонезия және Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі көптеген мұнай-газ саласы бойынша деректерді жинақтау бөлмелеріне қатысқан. Компанияның техникалық сараптама тобы осы өңір бойынша баға жетпес тәжірбие жинақтаған.

  • Колумбия

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Колумбиядағы әрбір мұнай-газ бассейнде әр-түрлі жобалармен айналысып келеді. Фирма «Экопетрол» компаниясымен, ұлттық мұнай-газ компаниясымен, сондай-ақ көптеген жеке және қоғамдық мұнай-газ компанияларымен көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Компания Ланос бассейнінде жұмыстар жүргізіп көптеген тәжірбие жинаған. ДеГольер энд МакНотон компаниясы Кюзана және Купиягуа мұнай кен орындары ашылғаннан бері ондағы мұнай кеніштерін зерттеп, Жоғарғы Магдалена, Орташа Магдалена және Богота бассейндерінде жобалар үшін геологиялық және инженерлік есептермен қамтамасыз етіп келеді. Компания Гуариха Пенинсуладағы газ құбыры жобасын жүзеге асыру үшін резервуар мен жеткізілімді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Фирма Анд Кордильерияда қатпарлы тектоникалық жыныстарды бағалауға қатысқан.

  • Куба

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы,Куба еліндегі мұнай кен орындарының геологиясын сипаттайтын Эверетт Ли ДеГольердің 1918 жылғы мақаласынан бастап, елдегі мұнай жүйелері туралы білімін қолданып келеді. Соңғы уақытқа дейін АҚШ-тың компаниялары Кубада жұмыс жасауға АҚШ-тың үкіметі тарапынан шектеулер қойылған.

  • Қытай

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Қытайдың ірі үкіметтік мұнай-газ компаниясы үшін, 400-ден астам мұнай және газ кен орындарында, жыл сайынғы қорларды бағалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл массивтік зерттеу, Қытайд мұнай бассейндеріндегі барлық мұнай өнімдерін қамтиды. Басқа зерттеулерге қытайлық E&P операторы үшін Цзилинь провинциясындағы зерттеу жұмыстары, Бохаи Бэй ауданында бірнеше жобалар және Сычан бассейіндегі бірнеше ірі газ кен орындарына априорлы көпжылдық зерттеулер жұмыстары кіреді. ДеГольер энд МакНотон компаниясы Қытайдағы ең ірі газ жобаларының бірі болып табылатын Хайнань аралындағы теңізідік кен орны болып саналатын Яченг жобасын бағалады. Компания экспорттық бағдарланған газ кен орнында көмірсутектерді бағалау үшін 2D және 3D сейсмикалық және геологиялық талдау жүргізген. Толық резервуарларды модельдеу бойынша зерттеулер жұмыстарын да жасады.

  • Малайзия

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы, көптеген халықаралық операторлық компаниялары және Малайзияның ұлттық мұнай компаниясы Петронастың атынан көптеген зерттеу, барлау және бағалау жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, компания, Тайланд пен Малайзия елдері арасындағы сертификаттау жұмыстарына қатысты.
    Д&М компаниясы, Малайзиядағы сұйытылған табиғи газды жеткізуге ықтимал ету үшін, Саравак пен Сарбак теңіздерінің шығысындағы газдарын ашу жөніндегі қорларды зерттеу жұмыстарын аяқтады.
    Сондай-ақ, компания, Малайзиядағы активтерді сатып алулар мен сатуларды бағалаумен айналысады. Осы мәселені, компания, клиенттердің менеджемент тобымен техникалық және экономикалық бағалау туралы талқылайды.

  • Мексика

    Мексика елінде, ДеГольер энд МакНотон көп жылдар бері жұмыс жасап келеді. Д&М компаниясының негізін қалаушы Эверет ДеГольер, әлемдік деңгейдегі Потреро дель Лано 4 ұңғымасын бұрғылау орнын сәтті ашқан. Бүгінгі таңда бұл сараптама Оңтүстік-Батыс теңіз аймағындағы мұнай-газ кен орындарының басым бөлігін, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі мұнай-газ компаниясы ПИМЕКС-тің қарамағындағы көптеген кен орындарын қамтитын техникалық сараптамалар мен бағалауларда жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, Чинонтепеспалео канал аймағы мен Веракуз және Бургос газ айимағында көптеген тәжірбиелік сараптамалар жасаған. Бұдан басқа, Д&М компаниясы баспа модельдеу, сейсмикалық интерпретация, мүмкіндіктерді анықтау және толық перспективалы ресурстарды бағалауды қамтитын талдаулармен қоса, соңғы тендерлік жобаларда ұсынылған барлау алаңдарын бағалады. Компания Мексиканық барлық бассейндерінде әр түрлі қызмет атқарып келеді. Компанияның кешенді геологиялық және резервуарлық инженерлік қиындықтарына жауап беру бойынша алған мол тәжірибесі Мексиканың кез-келген жобасына сенімді тұғырнама бере алады.

  • Моңғолия

    2007-ші жылдан бері, компания Моңғолиядағы екі мұнай кен орындарына барлау-бағалау жұмыстарын жүргізген. Кен орын көптеген құм түрлерінен тұрады. Сонымен қатар, әр кен орны 200 дей ұңғымалар арқылы жасалынған.

  • Никарагуа

    Бұл елде ешқандай мұнай-газ кен орындары табылмаған. Соныменде, елдегі соңғы зерттеулер Сандиго бассейніне бағытталған. Компания, көмірсутегі шикізатының әлеуетті жинақталуын, Орталық және Оңтүстік Американың барлық аумақтарындағы барлаудың перспективалық бағасын және тәжірибесін зерттейді.

  • Оңтүстік Корея

    Д&М компаниясы геофизикалық, геологиялық, петрофизикалық және газды кен орындарында резервуар моделін құру үшін, теңіз газ кен орындарында инженерлік талдау жүргізді Кенорынды өндіру жоспарын әзірлеу және әлеуетті болашақ шығаруларды болжау мақсатында коллектордың динамикалық моделін құру үшін.

     

  • Папуа Жаңа Гвинея

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Флай Ривер бассейнде көптеген геологиялық және инженерлік зерттеулер жүргізген. Компания батыс Папуадағы Барикеуа және Куру газ кен орындарын зерттеген. Соңғы қорларды зерттеулерге сұйытылған табиғи газ жобасымен байланысты болатын жоғары деңгейлі мұнайгаз кен орындарының көп бөлігі жатады.

  • Парагвай

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Пириса суб бассейніндегі, соның ішінде, Лехо мен Якорита құрылымдарындағы қорлар бойынша бағалау жұмыстарын жүргізген.

  • Пәкістан

    Пәкістан еліндегі мұнай-газ кен орындарын бағалау арқылы, компания көптеген тәжірбие жинады. 35 жылдан астам уақыт бойы Д&М компаниясы, инвестициялық банктік қауымдастықтың, халықаралық мұнай-газ компанияларының, Мұнай және газды дамыту жөніндегі компаниялардың және энергетикалық фирмалардың атынан, Пәкістандағы әр салада дерлік зерттеулер жұмыстарын жүргізді. Компания, елде ұзақ мерзімді энергетикалық саясатты қалыптастыру мақсатында, газбен бүкіл елді қамтамасыз етудің жобасы бойынша бағалау жүргізген. Бұл зерттеулер, әртүрлі сұраныс сценарийлерін зерттеу үшін, барлық газ кен орындарының қорларын бағалау және жеткізу мүмкіндігін қарастырды. Баяндамалар мұнай және газды дамыту жөніндегі компанияларына, түрлі мұнай құбыры компанияларына және Дүниежүзілік банкке ұсынылды. D&M компаниясы жыл сайын Пәкістандағы кенорнында сан алуан клиенттер үшін қорларды және пайдалы қазбаларды зерттеуді жүргізеді және осы кенорындарынан алынатын көлемді және олардың өткізу қабілетін бағалауға тартылды. Бұл зерттеулер Суи, Пирхо, Үш және Қадірпір кен орындарының әртүрлі энергетикалық жобаларға арналған ұзақ мерзімді жанар-жағармай жеткізуін бағалау болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі таңда компания, Синдх провинциясындағы бірнеше кен орындарындағы зерттеулермен таныс. Фирма, Синдх және Балуджистан провинцияларындағы барлық ірі кен орындарын, сондай-ақ Пенджаб және Солтүстік-Батыс шекаралас облыстарындағы кен орындарын зерттеу арқылы мол тәжірбие жинады. Д&М елдегі көптеген операторлармен, сондай-ақ Мұнай және газды дамыту жөніндегі компаниялармен ұзақ мерзімді қарым-қатынаста. Қорыта айтқанда, Д&М компаниясының тәжірибесі мен таныстығының деңгейі, Пәкістандағы кен орындарын бағалауда фирмаға артықшылық беріп, фирмаға неғұрлым сенімді және тиімді бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • Перу

    Перудағы компания клиенттері үшін мұнай қорларын бағалау бойынша кең ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар: Маранон бассейнінің солтүстік Джунгли аймағы және блок Z-2B, Z6, 8 және 1-АБ (192) IV, V, VI, VII және Талара бассейніндегі кен орындары. Укаяла бассейнінде, Д&М компаниясы, халықаралық аукциондық Камези жобасын іске асыру үшін, Перу үкіметінің техникалық кеңесшісі болды. Бұл жұмыс, газды айналымды қалпына келтіруді дамыту болды. Фирма Camisea жобасының 56 және 88 блоктарын, сондай-ақ 57 және 58-ке жақын блоктарды серіктес / иеленуші үшін бағалауды жалғастырды.

  • Суринам

    Компания, Суринамның теңіздік барлауы, оның ішінде сейсмикалық өңдеу, АВО талдауы және аймақтық жылдамдық үлгілерін құру бойынша геофизикалық зерттеулер жүргізді.

     

  • Тайланд

    Тайландтағы Бонгкот кен аймағынада, компания, толыққанды күрделі инженерлік және геологиялық сараптамалар жасаған. Бұл зерттеу, ұңғымалық газда көмірсутегі емес компоненттердің айтарлықтай мөлшерінің көп болуымен өте күрделі болды. Композициялық модельдеу кен орынының өнімділгі мен түпкілігін қалпына келтіруді болжау үшін пайдаланылды. Фирма Тайланд шығанағындағы Пайлин және Морагот кен орындарындағы қорларды бағалау жұмыстарын жалғастыруда, себебі бұрғылау процесі жүріп жатыр. Компания сондай-ақ, ірі газ құбырын жобалық қаржыландыруды қолдау үшін, Ереуан аймағында, ірі өндірілетін газ кен орындарының қорларын бағалауды жүргізіп келеді және жақын арада осы саладағы ірі газ кен орындарының қорларын бағалауды аяқтайды. ДеГольер энд МакНотон компаниясы, жуырда, Таиландтың ұлттық мұнай компаниясының мұнай-газ қорларының көпшілігін, соның ішінде Тайланд шығанағы мен Малайзия-Таиланд бірлескен даму аймағында орналасқан мұнай-газ кен орындарына бағалау жұмыстарын жүргізген.

  • Тринидад және Тобаго

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Тринидад пен Тобагодағы ұлттық мұнай-газ компаниясын, сонымен қатар бірқатар шетелдік операторларға мұнай және газ кен орындары және олардың перспективасына бағалау жөнінен мол тәжірбиеге ие. Осы талдауларды жүргізу үшін фирма сейсмикалық, мұнай-газ, геологиялық, резервуарлық және сандық модельдеу деректерімен жұмыс істеп келеді. Кешенді геологиялық және резервтік инженерлік проблемалары бойынша алған аса маңызды тәжірбиесі, Тринидад пен Тобагодағы кез-келген жобаның іргетасы болып табылады.

  • Уругвай

    Компания, Пунта дель Эсте бассейнде орналасқан Альбиан Аптиан, Перм, Бор және Палеоцин қабаттарындағы кездесіп қалатын кен орындары бойынша көптеген зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Зерттеулерге бестен аса лицензиясы бар блоктар кірді. Сонымен қатар, Д&М компаниясы, Уругвай Ұлттық мұнай компаниясына, 2016 жылы, Аргентинадағы жұмыстарды жүргізу үшін, ең басты консалтингтік компания ретінде қызмет жасады.

  • Үндістан

    ДеГольер энд МакНотон компаниясы Үндістандағы барлық дерлік құрлықтық және теңіздік мұнай-газ бассейндеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бірнеше ірі мұнай-газ компаниялары және мемлекеттік мекемелер үшін, компания, қорларға жыл сайын есептеулер мен бағалаулар жүргізіп отырады. Компания Бармер және Жоғарғы Бомбей мұнай-газ бассейндерінде тәжірбие алмасқан. Д&М компаниясы резервтерді бағалап, газ теңдестіру және әр түрлі тәуелсіз сертификаттау жұмыстарын, сондай-ақ, көптеген клиенттер үшін резервуарларды модельдеу бойынша зерттеулер жүргізген. Үндістанның мұнай-газ өндіріс орындарындағы мол тәжірбиесі және білімі мемлекеттік және жеке компаниялар арасында жоғары бағалы болып саналады.
    Кришна Гуари бассейнінде теңіздік кен орындарымен байланысты газ қорларын бағалау, соның ішінде қолданыстағы өндіріс кен орындарында резервуарды егжей-тегжейлі модельдеу және даму жоспарын қолдау үшін бағалау және зерртеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, Д&М Үндістан Үкіметі атынан пайдалы көмірсутектердің әлеуетті үлестірілуін бағалау үшін көптеген блоктарда орналасқан кен орындарын бағалау жұмыстарын жүргізді.
    ONGC компаниясы мұнай-газ операторлық құқығын жеке компанияларға ауыстырғаннан кейін, Д&М компаниясы Панна, Мукта және Тапты кен орындарынадағы қорларға кешенді бағалау және зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл зерртеулер осы кен орындарын ары қарай дамыту үшін жоспарланған жобалық қаржыландыруды қолдау үшін қолданылатын болады.
    ДеГольер энд МакНотон Раджастан мұнай-газ кен орындағы оператор үшін қорларды үздіксіз бағалау жұмыстарын жүргізіп отырады. 1993, 2004, 2010, 2011, 2013, және 2017 жылдары Д&М компаниясы Үндістандағы 70-тен астам кен орындарында зерттеу жүргізген. Олар елдегі басты мұнай-газ кен орындары болып табылады.

  • Фиджи

    Фиджиде мұнай мен газдың ешқайсысы болмаса да, 1970-шы және 1980-шы жылдардың соңында барлау жұмыстары Блиг резервуарларында жүргізілді. Ириан Джайдан Папуа-Жаңа Гвинея арқылы өтетін көмірсутегі резервуарлары, рифті және турбиттық типті резервуарлар үшін үміт тудырды. Компанияның Индонезиядағы тәжірибесі, Ириан Джай және Папуа-Жаңа Гвинея болашағы мен жетістіктерін, сондай-ақ кез-келген әлеуетті ашылуларын шешу үшін білім мен тәжірибенің негізін береді.

  • Филиппин

    Филиппин еліндегі операторлық компаниялардың атынан, Д&М компаниясы, Палауан аралы теңіз мұнай-газ кен орнындағы ашылымдар бойынша зерттеу және бағалау жұмыстарын жүргізген. Компания, жуырда, елдегі ең үлкен теңіздік мұнай-газ кен орны болып келетін Камаго-Малампаядағы кен қорлары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде жұмыс тәжірибесінің арқасында D&M компаниясы кенорынды өндіру жоспарын әзірлеуді талап ететін игерілген кенорындарды бағалау саласында елеулі техникалық білімге ие.

  • Чили

    ДеГольер энд МакНотон компаниясының Чилидегі қызметі, 1975 жылы Чили ұлттық мұнай компаниясына(ENAP) табиғи газ жобасын жасау үшін, техникалық-экономикалық негіздеме жасаған кезден басталды. Осы уақыттан бері фирма, Чилидегі ірі газ кенішін модельдеу және су немесе көміртекті инъекция арқылы жақсарту сияқты түрлі жобаларды жүзеге асырды. Компания оңтүстік Чилидегі метанол зауытына зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, ДеГольер энд МакНотон Чилидегі Гюканатты ауыр газды дамыту жобасына өзіндік сараптамалық бағалауын жасады.
    Сонымен қатар, қазіргі уақытта Д&М компаниясы Чилидегі алғашқы үкіметтік емес E&P операторына жыл сайынғы есеп берумен айналысады.

  • Шри Ланка

    ДеГольер энд МакНотон Карин Индия ЖШС атынан, теңіздік екі газ орындарына бағалау жұмыстарын жүргізген. Кен орындары теңіздің терең аймағында орналасқан. Көмірсутектердің қалпына келтірілетін мөлшерінің ықтималдылығын бағалау, геофизикалық, петрофизикалық және геологиялық интерпретациялау әдістерімен, ұңғымалар әлеуеті мен конструкциялық даму жоспарларын инженерлік бағалаумен қатар жүргізілді. Бұл кен орындарының келесі этапдағы даму фазалары әлі күнге дейін жоспарланбаған. Соңғы отыз жылда, бұл кен орны, елдегі ең алғашқы ашылымдардың бірі болып табылады.

  • Шығыс Тимор

    Шығыс Тимор үкіметінің сұранысы бойынша, компания, Шығыс Тимор мен Аустралия аралығында орналасқан Күншығыс атты кен орының шын қорына баға берді. Компания, геофизикалық интерпретациялауынан бастап, кен орнында орналасқан резервуарлардың геологиялық модельдеуі, соның ішінде түпнұсқалық газды да, бастапқы конденсатты модельдеу бойынша бағалау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, кен орын операторлары атынан, ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Австралия мен Шығыс Тимор арасындағы Бірлескен мұнай өңдеу аймағындағы БаюУндан кен орнында сертификаттау жұмыстарын жүргізді. Сертификаттау жұмыстары алғашқы өңдеуге дейінгі қорлардың көлемін бағалау үшін жүргізілді. Бағалау барысында, осы екі кен орынына сұйылтылған табиғи газды (СТГ) тасымалдау үшін транспорт қажет екені анықталды. БаяУндан кен орны 2004 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, Гритер Санрайс кен орны туралы келісім шарттар жасалу үстінде.

  • Эквадор

    Эквадорда, Компания Ориент бассейнінің сарапшысы болып саналады және декомпания көптеген далалық зерттеулер жүргізген. Фирма қазіргі заманғы 3-D геофизикалық әдістерін қолданып, бассейндегі Напо Т, Напо У және Холлин резервуарларын бағалады. Фирма қызметкерлері Гуаякиль шығанағында құрылымдық және стратиграфиялық стильдермен таныс болып келеді.